Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды
Алматы полициясы әйелді өлтірді деген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қылмыс Алматының Түрксіб ауданында болған. 47 жастағы ер адам қызғаныштан жанжалдасып, танысын пышақтап, оқиға орнынан қашып кеткен.
Бірнеше сағаттан кейін оны Түрксіб аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің қызметкерлері ұстады. Күдікті ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды.
ҚР ҚК-нің 99-бабымен тіркелген қылмыстық іс бойынша ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды.
Оқи отырыңыз: Астаналық әйел балаларымен бірге терезеден секірмек болған