Оқиға орнына 62 өрт сөндіруші мен 11 техника жіберілді
Ақтөбеде перзентханада матрац жанып, 500-ге жуық адам құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бүгін сағат 10:23-те Ақтөбеде перинаталды орталықтың жертөлесіндегі матрас жанды. Өрт 10:40-та өшірілді. Барлығы 491 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Олардың 300-ден астамы перзентхана қызметкері, 97-сі ана. Олардың арасында 78 нәресте бар. Оқиға орнына 62 өрт сөндіруші мен 11 техника жіберілді. Апатты медицина орталығы мен Жедел құтқару жасағынан 7 адам, 2 техника барды. Жалпы ауданы 5 шаршы метр аумақ өртенді», – деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Ақтөбеде перинаталды орталық қызметкерлерінің айтуынша, дәл сол кезде 2 жүкті келіншек босанған.