|
07.04.2020 | 13:00
4676

Алматы облысының полицейлері зират ұрысын ұстады

Ұсталған азамат 35 жастағы Тұздыбастау ауылының тұрғыны екендігі анықталды

Алматы облысының полицейлері зират ұрысын ұстады Polisia.kz

Алматы облысының полицейлері зират ұрысын ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Талғар аудандық Полиция басқармасының кезекші бөліміне жергілікті тұрғындар Белбұлақ кентінің маңындағы зират қоршауларын белгісіз біреулердің ұрлайтыны туралы хабарлаған және бұл дерекке қатысты полицияға бес арыз келіп түскен. Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 1-тармағы бойынша тіркелді. Азамат зират маңын үш ай бойы торуылдаған. Бірқатар жедел-тергеу іс-шараларынан кейін күдікті Белбұлақ ауылынан ұсталды.

35 жастағы Тұздыбастау ауылының тұрғыны екендігі және бұрын да бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылғандығы анықталды. Жазасының соңғы мерзімі аяқталған соң күдікті қылмыстық іс-әрекеттерін әрмен қарай жалғастырған.

Тергеу барысында ол шойын қоршауларды кувалданың көмегімен бұзып, металлды үйіне апарып, кейін жалдамалы жеке такси арқылы металл қабылдау пунктіне жеткізгені белгілі болды. Кувалда айғақзат ретінде тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына тіркелді. Күдікті сот санкциясымен қамаққа алынды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир