3 маусымда болған оқиғаға газ баллонының жарылуы себеп болған
Алматыда салынып бітпеген мектептің жанып жатқан ғимаратының төбесінде қалып қойған ер адамды құтқару сәті видеоға түсірілді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
«Видео Instagram-дағы @kris_p_brothers_official парақшасында жарияланды. Кадрларда жанып жатқан салынып бітпеген мектеп ғимараты мен одан шығып жатқан қара түтін көрінеді. Шатырда адам бар екенін аңғаруға болады. Оны құтқарудың жалғыз жолы – құрылыс кранының көмегімен түсу болған», - делінген хабарламада.
Қауіп алаңында қалып қойған адамға түсуге кран жүргізушісі көмектеседі.
«Қатты жанып жатыр», - дейді кадр сыртындағы адам.
ТЖД баспасөз қызметі оқиғаның мән-жайын анықтап жатқанын хабарлады.
Еске салайық, өрт 3 маусымда болған. Газ баллоны жарылғаны анықталды.