|
23.11.2019 | 13:06
2411

ШҚО автожолында екі адам қаза тауып, үшеуі зардап шекті

Машинада болған тағы үш жолаушы Көкпекті аудандық орталық ауруханасында жатыр

ШҚО автожолында екі адам қаза тауып, үшеуі зардап шекті inform.kz

«Омбы-Майқапшағай» тасжолында жол апатынан екі адам қаза тауып, тағы үш адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шығыс Қазақстан облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 22 қараша күні сағат 19.00 шамасында Көкпекті ауданының маңында болған. «ҚазАвтоЖолдың» ақпаратына сәйкес, «Lada Granta» көлігі аса жоғары жылдамдықпен келіп, жол бойында тоқтап тұрған «КамАЗ»-ға соғылған. Жүк көлігі апаттық тоқтау туралы «жол белгісін» қоймаған. Салдарынан жеңіл көліктегі жолаушылардың бірі оқиға орнында көз жұмса, оның жүргізушісі ауруханада жан тапсырды. Машинада болған тағы үш жолаушы Көкпекті аудандық орталық ауруханасында жатыр.

«ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды», - деді полициядан.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

ДТП ВКО
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир