Алматыда 4 адамнан тұратын қарулы топ ұсталды

17.07.2019 22:41

Күдіктілерден жарылғыш зат, қару, 4 оқ пен пышақ тәркіленген

Фото: zakon.kz

Алматы қаласының полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, сәтті аяқталған арнайы шара барысында күдіктілерден жарылғыш зат, қару, 4 оқ пен пышақ тәркіленген, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Аталған жайт бойынша, қылмыстық кодекстің 287-бабының 3-бөлігі негізінде іс қозғалып, тергеліп жатыр. Ұсталған азаматтар Алматы, Жамбыл, Шығыс және Батыс Қазақстанның тумалары болып шықты. Олар бұған дейін де бірнеше мәрте ауыр қылмыс, атап айтқанда адам зорлау, тонау, жалған құжат жасау, заңсыз қару-жарақ ұстау, өзгенің мүлкін иелену, тіпті адам өлімі дерегі бойынша сотталып шыққандары анықталды. Ұсталғандар қамауға алынды.