13 адам эвакуацияланды
Оралда тұрғын үйдің төбесі өртеніп, 13 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 9 қараша күні сағат 14.14-те Н.Назарбаев даңғылы 232 мекенжайында төрт қабатты үйдің төбесі жанған.
Аумағы 25 шаршы метрді құраған өрт 14.42-де оқшауланып, 15.00-де сөндірілді. Тұрғын үйден 13 адам шығарылса, соның екеуі – балалар.
"Тілсіз жауды ауыздықтауға және адамдарды эвакуациялауға 17 қызметкер, 5 техника, полициядан 4 қызметкер, 2 техника жұмылдырылды", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, кеше сағат 21.23-те Бөрлі ауданы Приурал ауылында тұрғын үй ауласында 20 тонна пішен жанып кетті. Өрт бүгін 00.31-де оқшауланып, 02.52-де сөндірілді.