СҚО-да селфи жасамақ болған оқытушы мен студент ажал құшты

24.05.2021 21:22

Олар Есілдің жағасында суретке түсіп жүрген

Фото: ашық дереккөзден

1994 жылы туған оқытушы мен 2002 жылғы оқушы Есіл өзеніне батып кетті. Бұған дейін олар өзен жағасында суретке түскен, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға Солтүстік Қазақстан облысындағы «Қарағай орманы» базасының маңында болды. Оқытушы мен студент Есілдің жағасында суретке түсіп жүрген. Куәгерлердің айтуынша, олардың аяқтары тайып кетіп, суға құлаған. Өзеннің ағысы қатты болып, екеуінің де суға батып кеткені анықталды.

Бұған дейін Шығыс Қазақстанда үш жасар екі бала суға батып кетті. Балалардың денесі үйден 350 метр қашықтағы бақша дақылдарын суаруға арналған арықтан табылды.