«Абай» шахтасындағы апаттан зардап шеккен 2 кеншінің жағдайы ауыр

07.11.2021 в 18:16

Жарылыс кезінде жер астында 64 адам болған

«Абай» шахтасындағы апаттан зардап шеккен 2 кеншінің жағдайы ауыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

«7 қарашада профессор Х.Ж. Мақажанов атындағы көпсалалы ауруханаға 1960 және 1963 жылдары туған шахтаның екі қызметкері түсті. Диагноз – токсикогипоксиялық энцефалопатия. Науқастар жансақтау бөлімінде. Клиника дәрігерлері барлық қажетті медициналық көмек көрсетуде», - деп хабарлайды Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Еске салайық, 7 қараша күні сағат 08:24-те «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің «Абай» шахтасында көмір мен газ жарылысы болды. Бұл кезде жер астында 64 адам болған. 52 кенші жер бетіне шығарылды. 6 адам қаза тауып, 2-уі зардап шекті.