|
31.03.2020 | 13:10
10152

Алматы полициясы: облыс тұрғындары үйлеріне «бау-бақша» арасымен өтуде

Алматы полициясы кезекті рет азаматтарды өзін-өзі тәрбиелеуге және заңға бағынуға шақырды

Алматы полициясы: облыс тұрғындары үйлеріне «бау-бақша» арасымен өтуде polisia.kz

Осындай екі жаяу құқық бұзушыны #14 бақылау-өткізу пунктінде қызмет ететін полиция қызметкерлері анықтады, деп хабарлайды Almaty.tv қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл Алматы облысының тұрғындары, олар Үлкен Алматы каналы бойымен, Құлжа трассасынан төмен өтіп, жеке сектордың соқпақ жолымен үйлеріне қайтып бара жатқан.

Қаладан кетуге тыйым салынғанына қарамастан, жастар, төтенше жағдайдың ережелерін бұзды, сол үшін олар, ҚР ӘҚбК-нің 476-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды.

Осыған орай, Алматы полициясы кезекті рет азаматтарды өзін-өзі тәрбиелеуге және заңға бағынуға шақырды.

«Бұл Сіздің және жақындарыңыздың қауіпсіздігі үшін жасалуда. Біз бірге жұқпалы індеттің таралуын болдырмауға міндеттіміз, бұл үшін төтенше жағдай ережелерін және санитарлық-гигиеналық сипаттағы мамандардың ұсыныстарын қатаң сақтауымыз керек», - деп хабарлады Алматы полициясы.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир