Алматы тұрғыны көршісінің үйін "өртеп" жіберді

11.04.2022 18:09

Өрт Алатау ауданына кіретін Теректі ықшамауданында орын алған

стоп кадр

Алматы қаласының тұрғыны монша жағамын деп көршісінің үйін өртеп жіберді. Бұл туралы kyn.kz Instagram парақшасында жазды, деп хабарлады Almaty.tv.

Өрт Алатау ауданына кіретін Теректі ықшамауданында орын алған. Үйде зейнет жасындағы әйел адам, оның аяғы ауыр келіні мен бір жасқа толмаған немересі болған.