Белгісіз қылмыскер Сәтпаев қаласының тұрғынын атып кетті
Стоп кадр
Оқиға 20 қыркүйекке қараған түні болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қарағанды облысы Сәтпаев қаласының 41 жастағы тұрғынын атып кеткен қылмыскер іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Express Qazaqstan-ға сілтеме жасап.
Оқиға 20 қыркүйекке қараған түні болған. Марқұмның досы қылмыскер жайлы ақпарат іздестіруде.
«Бауыржан Жақыпов әйелі екеуі төрт бала тәрбиелеп отыр еді. Ол ешкіммен ерегескен емес, дұшпаны да жоқ. Оның өз шаруа қожалығы болды. Айналасының бәрі оны құрметтейтін», – деп жазады марқұмның досы.
Сәтпаев қаласының тұрғыны түнде дарбазасын жабуға шыққан. Белгісіз біреу оған тапанша кезеп, 2 рет оқ атады. Біршама уақыттан кейін үйіне қарай қашқан жігітті қылмыскер 6 рет атып, артынан қуып жетіп екі жерінен пышақтаған.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
07.11.2026 09:20
Ішкі үйлесімге көңіл бөліңіз: 7 қарашаға арналған жұлдыз жорамал
07.11.2026 09:55
Қарызды төлей алмасаңыз, берешекті реттеудің қандай жолдары бар
06.11.2026 10:34