Ол қызметтік бабын пайдаланып, алдау және сенімін теріс пайдалану арқылы кәсіпкердің 1,5 миллион теңге көлеміндегі қаражатын иемденді деген күдікке ілінді
Атырауда 22 қыркүйекте «Қазақстан теміржолы» Ұлттық компаниясы» АҚ филиалының директоры Елеубай Сапаров ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Ақ Жайық» басылымы хабарлағандай, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Ол қызметтік бабын пайдаланып, алдау және сенімін теріс пайдалану арқылы кәсіпкердің 1,5 миллион теңге көлеміндегі қаражатын иемденді деген күдікке ілінді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахин Сапаровтың алаяқтық жасағанын айтып, 22 қыркүйекте тергеу соты оған қатысты «қамау» бұлтартпау шарасын таңдағанын айтты.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 201 бабының 1-бөлігі бойынша тергеп-тексеру мүддесіндегі өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды.
5 қазанда бес жыл ішінде ҚТЖ лауазымды тұлғаларына қатысты 136 қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды. 52 адам сотталды. Негізінен қылмыстар орындалған жұмыстар, жұмысқа қабылдау және ауыстыру актілеріне қол қою кезінде заңсыз сыйақы алу, сондай-ақ жүктерді тасымалдау үшін вагондар мен локомотивтерді жеделдетіп және кедергісіз жеткізумен байланысты.