Шымкентте Назарбаев мектебінің оқушысы 13-қабаттан құлап қайтыс болды

01.04.2019 18:13

Бұл жағдайды қалалық Білім басқармасының мамандары растады

otyrar.kz

Шымкентте мектеп оқушысының мәйіті табылды. Оқиға 30-наурыз күні түнгі сағат 22:00 шамасында Д.Қонаев және Т.Рысқұлов көшелерінің қиылысындағы элиталы көпқабатты тұрғын үй маңында орын алған, деп жазды otyrar.kz.

Қайтыс болған жасөспірім Шымкент қаласындағы Н.Назарбаев атындағы зияткерлік мектебінің 9-сынып оқушысы болған.

Бұл жағдайды қалалық Білім басқармасының мамандары растады.

Алдын ала болжам бойынша 15 жасар жасөспірім 13-қабаттан секіріп кеткен болуы мүмкін. Оқиғаның мән-жайын құзырлы орган өкілдері анықтап жатыр.