Нұр-Сұлтанда жалған ақша жасаған алаяқ сотталды

04.03.2020 18:15

Қала аумағында жалған ақша жасауға байланысты 30 факті анықталған

www.azattyq.org

Нұр-Сұлтан тұрғыны үйінде отырып 5 және 10 мыңдық купюроларды қолдан жасаған. Бұл туралы Экономикалық тергеу департаментінің өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv. 

Жалпы қала аумағында жалған ақша жасауға байланысты 30 факті анықталған. Алаяқ бес жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

«Былтыр бір ай бойы  жәй ғана қолдан жасаған ақшасын базарлар мен дүкендерге барып таратқысы келді. Заңсыз айналымнан 150 мың теңге ақша алынды», – деді қалалық Экономикалық тергеу департаменті екінші тергеу басқармасының жетекшісі Олжас СҮЛЕЙМЕНОВ

Ал Арыс пен Отар қалаларында ату құралдарын утилизациялау барысында кей лауазымды тұлғалар милиардтаған ақша жымқырған. Қазір осы мәселеге қатысты тергеу жүргізіліп жатыр дейді тергеушілер.

«Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі "Қазтехнология" компаниясының лауазымды тұлғалары  1,7 миллиард теңге жымқырды деген факт бар. Олар ақшаны Арыс пен Отар қаласындағы әскери бөлімдердегі оқ дәріні утилизациялау барысында қолды қылған», – деді қалалық Экономикалық тергеу департаменті бірінші тергеу басқармасының жетекшісі Болат КӘМІТОВ.

Нұр-Сұлтан

Теги: жалған