Бір аптада Қазақстанда 2580 қылмыс тіркелді

31.01.2022 18:16
Фото: ашық дереккөзден

ҚР Ішкі істер министрлігі өткен аптада республика бойынша қанша қылмыс тіркелгенін хабарлады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Бір апта ішінде 2580 қылмыс жасалды. Оның 1754-і тәулік ішінде ашылды», - деді ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз министрліктің баспасөз алаңында өткен брифинг барысында. 

Ресми өкілдің айтуынша, полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 2 кісі өлтіруді, 4 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 31 тонау және 395 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашқан. 

Сонымен бірге, Нұрділдә Ораз орталық және бірқатар аумақтық полиция департаменттеріндегі кадрлық ауыс-түйістерді еске салды.