Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері бұл фактіні растады
Елордадағы супермаркеттің бірінде пышақ ұстаған әйел жұртты шошытқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«10 шілде күні сағат 18:00-де Самал шағын ауданындағы сауда үйінде белгісіз әйел қолына пышақ ұстап, келушілер мен қызметкерлерге былапыт сөздер айтқан және азық-түліктерді шашып, сөрелерді қиратқан», – деп атап өтті ведомстводан.
Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері бұл фактіні растады. 1990 жылғы сотталған әйел ұсталу кезінде полицейлерге қарсылық көрсеткен. Ол полиция басқармасына жеткізілді, қазіргі таңда тексеру жүріп жатыр.