Төтенше жағдай: Гүлдалада газ жарылды

17.12.2023 18:16

Күйік шалған 4 адам жансақтау бөліміне жеткізілді

Сурет: almaty.tv

Талғар ауданы Гүлдала ауылдық округына қарасты Сүйінбай 34 мекен-жайы бойынша газдан жарылыс болды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Тағы бірнеше үйде газ плиталары жанып кетті, дейді Гүлдала ауылының тұрғындары. Айтуларынша таңғы сағат 4 шамасында ауылда электр қуаты өшіп, газдың шығуына себеп болған. Салдарынан денесін қатты күйік шалған 4 адам жансақтау бөліміне жеткізілді. 

-  Таңғы 4 шамасында екі үйде жарылыс болды. 4 адам ауруханаға түсті. Аудан әкімі, орынбасарларымен апат орнына келді. Аудандық ішкі істер бөлімінің мамандары, прокуратура келіп себеп салдарын анықтайды. Төтенше жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалады. Арнайы тексеру мен сараптама жүргізіледі. Кінәлілер жазаланады, - деді Талғар ауданы Гүлдала ауылдық округы әкімінің орынбасары Меруерт Кияшева.

https://youtube.com/shorts/F-gU25wCJ1I?si=4qZTzuGtuM6JZhnF

Оқи отырыңыз: Қостанайдағы жарылыс: үйінді астынан екі адам шығарылды