Өкілетті органдар сауда мен қызмет көрсету нысандарына тексеріс жүргізіп жатыр

03.04.2020 18:17

Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің серіктестік жөніндегі департамент директоры Расул Медетов мәлімдеді

www.gov.kz

Ел азаматтары карантин кезінде жемқорлық жағдайлары бойынша шағымдану үшін 1424 нөміріне хабарласа алады. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің серіктестік жөніндегі департамент директоры Расул Медетов мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv. 

Оның айтуынша, жемқорлық жасағандар қатаң жазаланады.

«Өкілетті органдар сауда мен қызмет көрсету нысандарындағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты алып-сатарлардың саудасына, олардың жұмыс кестесіне және санитарлық талаптарына тексерістер жүргізіп жатыр. Бұл жағдайларда коррупция жасалуы мүмкін. Осыған байланысты пара беру мен пара алудың ауыр қылмыс екенін еске саламыз», – деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің департамент директоры Руслан МЕДЕТОВ.