Павлодар облысында 59 жастағы механизатор картоп жинайтын комбайнның астына түсті

14.09.2020 18:18

Ер адам түрлі жарақатпен Ақсу қаласының ауруханасына жеткізілді

tehmash.by

Павлодар облысында 59 жастағы механизатор картоп жинайтын комбайнның астына түсті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Жазатайым оқиға 13 қыркүйек, жексенбі күні Ақсу ауданы Еңбек ауылының маңындағы суармалы алқапта болған.

«Картоп жинайтын комбайнмен жұмыс істеп жүрген 59 жастағы ер адам абайсызда техниканың астына түсіп кетті», – делінген Павлодар облысы полиция департаментінің хабарламасында.

Ер адам түрлі жарақатпен Ақсу қаласының ауруханасына жеткізіліп, бұл факті бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды.