Мегаполистегі базардың бірінде өрт шықты

09.07.2023 18:20

Өрт аумағы анықталып, халықты базардан эвакуациялау жұмыстары жүргізіліп жатыр

kaztag_tg

Өрт сөндірушілер Алматы базарындағы өртті сөндіріп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, қоңырау бүгін сағат 12:00 шамасында түскен.

Алматының ТЖД бөлімшелері келгеннен кейін "Кенжехан-2" киім базарының аумағында контейнерлік үлгідегі қоймада өрт болғандығы анықталды. Өрт аумағы анықталып, халықты базардан эвакуациялау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Өртті сөндіруге Алматы қаласы ТЖМ бөлімшелерінің жеке құрамы мен техникасы жұмылдырылды.

Толық көрсету