Нұр-Сұлтанда автобус пен тепловоз соғысып қалды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлік тепловозбен соқтығысты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Оқиға 13 қыркүйекте таңғы уақытта болған, алайда ЖКО видеосы желіде бүгін жарияланды.
«Пушкин көшесінің бағытында Жетіген көшесінің бойында № 53 бағытта жүретін автобус пен тепловоз соқтығысты. Оқиға орнына келген жергілікті полиция қызметінің мамандары қоғамдық көлік жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама толтырды», – деді «Астана LRT» компаниясының қоғаммен байланыс қызметінің басшысы Науат Азанбаева.
«Автобуста жолаушылар болмаған. Автобус жүргізушісі соңғы аялдамадан жаңа рейске шығып жатқан», – дейді ол.
Оқиғадан кейін жүргізуші жұмыстан шеттетілді, тексеру жүріп жатыр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
12.10.2026 12:54
Дәрігерлер күндіз қанша уақыт ұйықтау керек екенін айтты
11.10.2026 11:14
Қанттың зияны тағам түріне байланысты ма: диетологтар ескертуі
11.10.2026 17:43
Алматыда 12-18 қазан аралығында ауа райы қандай болады
12.10.2026 09:00