Ақтөбе облысында 45 жолаушысы бар автобус аударылды

27.02.2020 21:08

Қоғамдық көлік Шымкенттен Екатеринбургке бағыт алған

Ақтөбе облысында 45 жолаушысы бар автобус Қарабұтақ ауылының маңында аударылып, жол апатына ұшырады, деп хабарлайды Almaty.tv

Салонда жүргізушілерді қосқанда барлығы 48 адам болған. Ақтөбе облысының полиция департаментінің мәлімдеуінше, қоғамдық көлік Шымкенттен  Екатеринбургке бағыт алған. Жол апаты шамамен кешкі сегізде болған. Көлік тайғақ жолдың кесірінен жиектегі жыраға шығып кетіп, аударылып түскен. Абырой болғанда, апаттан ешкім зардап шекпеді. Белгілі болғандай, автобус жүргізушілері қазақстандық болса, 45 жолаушы Тәжікстан азаматтары. Жолаушылар уақытша автотуристерге арналған орынға эвакуацияланған. Жол сақшылары жүргізушілерді жол ережелерін сақтанып, алысқа шығарда ауа райына аса мән беруге шақырды.