ІІМ Ақтаудағы жерлеу рәсіміне қатысты қызметтік тергеу бастады

04.08.2020 18:23

Маңғыстау облысында 3-17 тамыз аралығында бас санитар дәрігердің қаулысы бойынша қатаң шектеу шаралары енгізілген

стоп-кадр

Ішкі істер министрлігі Ақтаудағы жерлеу рәсіміне қатысты қызметтік тергеу бастады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі  Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

«Ақтау қаласындағы жәрлеу рәсіміне адамдардың жаппай жиналуына қатысты ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қызметтік тексеріс жүргізуді тапсырды», – дейді ІІМ-ның баспасөз қызметі.

Маңғыстау облысында 3-17 тамыз аралығында бас санитар дәрігердің қаулысы бойынша қатаң шектеу шаралары енгізілген.

«Адамдар көп жиналатын іс-шараларды ұйымдастыруға тыйым салынды. Алайда өңірде қатаң шектеу шараларының енгізілуіне қарамастан Маңғыстау облысы полиция департаментінің басшылығы карантин режимін бұзудың алдын алу бойынша уақтылы шараларды жүргізбеген», – дейді ІІМ-ның баспасөз қызметі.