Петропавл маңындағы көлде балық қырылды

25.04.2019 19:22

Әлеуметтік желілерде алабұға түсірілген видеоролик таралды

Петропавл маңындағы Пестрое көлінен балықтардың өлімтігі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әлеуметтік желілерде алабұға түсірілген видеоролик таралды. Экологтар, табиғат ресурстарын қорғау және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, табиғатты қорғау прокуратурасы, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мамандары оқиға орнына жіберілді.

«Анықталғандай, көлді жалға алушы айдынға алабұға төлін жіберген. Жалпы, 30 килограмға жуық төл суға жіберілген. Осы балықтардың шамамен 20% тасымалдау кезінде мертігіп, қоқысқа айналған», - дейді Солтүстік Қазақстан облыстық Экология департаментінің басшысы Ермек Умаров.

Оның айтуынша, департамент зертханасының мамандары «Қазгидромет» РМК филиалымен бірге су құрамын зерттеу үшін сынама алған.

Департамент басшысы сынақ нәтижелері туралы хабарлауға уәде етті.