Нұр-Сұлтанда анасы бұзықтығы үшін 6 жасар ұлын ұрып-соғып, 8 жастағы қызын киімсіз далаға қуып жіберген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Жылап отырған қыздың суреттері әлеуметтік желілерде тарап жатыр. Ішкиімі ғана бар қыз үйдің кіреберісінде отыр. Басқа бір суретте ол еденде дәлізде ұйықтап жатыр.
Жазба авторы анасы осылайша қызын сөз тыңдамағаны және еркелігі үшін жазалағанын мәлімдеген.
Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері елорда тұрғынынан көршісінің осы әрекеті туралы хабар 23 желтоқсанда сағат 21.20-да келіп түскенін айтты.
«Полиция қызметкерлері 35 жастағы тұрғынды анықтады, әйел бұл әрекетімен көршісінен киім-кешек ілетін қысқыштарды рұқсатсыз ойнауға алған балаларды жазалағысы келгенін айтты.
Отбасы Нұр-Сұлтан ПД ювенал полициясында профилактикалық есепке алынды.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері мен білім басқармасының қорғаншылық және қамқоршылық органдары заңды өкілдерге қатысты объектив шешім қабылдау үшін жағдайдың мән-жайын жан-жақты зерттеп жатыр», – деп хабарлады полиция өкілдері.