Абай облысында автобус аударылып, 15 адам зардап шекті

semey_city_
semey_city_
Жол-көлік оқиғасы 19 маусым күні сағат таңғы 04.50-де болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Абай облысында автобус аударылып, 15 адам түрлі деңгейде жарақат алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 19 маусым күні сағат таңғы 04.50-де болған.

«Алакөл-Семей» бағытында тұрақты қатынайтын «Setra-S» маркалы автобус Жарма ауданының тұсындағы жолда Семей қаласына қарай бара жатқан. 56 жастағы жүргізуші рульге ие бола алмай қалып, автобус жолдан шығып, аударылған. Жол апаты салдарынан екінші жүргізуші мен 13 жолаушы түрлі деңгейдегі жарақаттар алды», - делінген ақпаратта.

Олардың барлығына медицина қызметкерлері алғашқы көмек көрсетті. Ал қоғамдық көлік жүргізушісі ауруханаға жатқызылған.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Новости партнеров