Қостанайда жойқын жарылыс болды

17.06.2019 18:24

Қостанайда Баймағамбетов пен Лермонтов көшелерінің қиылысында жарылыс болды, деп хабарлайды «Алау».  

Куәгерлердің айтуынша, жарылыс дөнер дүңгіршегі мен техникалық байқау станциясы орналасқан жерде болған.

Кейбір мәліметтер бойынша, ТБС ғимаратына газ қондырғысы орнатылып жатқан. Ғимарат толығымен бұзылған, қирандылар жатқан жерде өрт шыққан.

Куәгерлер бірнеше адамды жертөледен алып шыққанын айтты. Оқиға болған жер қоршауға алынды. Қазіргі таңда өрт сөндіру қызметі жұмыс істеп жатыр.



Теги: Костанай