Қостанай облысында аудан әкімі ұсталды

04.07.2019 18:26

40 жастағы әкім пара алды деген күдікке ілінген

фото из открытых источников

Қостанай облысы Әулиекөл ауданының әкімі Асхат Қисықов ұсталды, деп хабарлайды «Тобыл Инфо».

2 шілдеде аудан әкімі Қостанай облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке түсініктеме беру үшін шақыртылған.

Портал мәліметіне сәйкес, 40 жастағы әкім пара алды деген күдікке ілінген. Іс Аманқарағай орта мектебінің құрылысымен байланысты-мыс.

Ақпарат бойынша, 320 орындық мектептің құрылысы енді басталған.