Шахтинскідегі жаппай төбелес кезінде полицейлер оқ жаудырды

24.03.2023 19:46

Төбелеске қатысқандар қамауда отыр

Фото: 24.kz

Шахтинскідегі жаппай төбелес кезінде полицейлер оқ жаудырды, - деп хабарлайды Almaty.tv.

Оған себеп болған түнгі клуб маңындағы жастардың төбелесін куәгерлер видеоға түсіріп алған. Оқиға кезінде атыс дауысы естілген. Әлеуметтік желіге жедел тарап кеткен видеодан төбелеске 10-нан аса адам қатысқанын байқауға болады. Бір мезетте олар атылған қарудың дауысынан жан-жаққа жапа тармағай қаша жөнеледі. Қарағанды облыстық ПД оқиғаны 22 наурызда болғанын мәлімдеді. Төбелеске қатысқандар қамауда отыр.

«Ауыр зардаптың алдын алу мақсатында полиция қызметкерлерінің бірі аспанға ескерту ретінде оқ атты. Оқиғаға қатысқандар полиция бөліміне жеткізілді. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 293-бабы 2-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деді Қарағанды облыстық ПД баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.