|
08.04.2019 | 15:29
2467

БҚО: Командирін атып өлтірген полиция қызметкеріне үкім шықты

С.Ғариф 13 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеуге сотталды

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты командирін атып өлтірген Серік Ғарифке үкім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Судья Бақыт Ермахановтың мәлім еткеніндей, С.Ғариф ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес айыпты деп танылды. С.Ғариф 13 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеуге сотталды.

Сонымен қатар, ол жәбірленушілердің пайдасына 2,7 млн астам теңге материалдық және 4 млн теңге моральдық шығын өндіретін болды.

ҚР ІІМ мамандандырылған күзет қызметі басқармасы Ақжайық ауданы 2-батальонының қызметкері болған, 1994 жылғы С.Ғариф полиция сержанты шенінен де айырылды. Сот оған қоса аталған мекемеде орын алған кемшіліктерді атап көрсетіп, оны тексеру жөнінде БҚО прокуратурасы атына жеке қаулы шығарды.

Сот талқысында белгілі болғанындай, жеккөрушілік негізінде С.Ғариф өткен жылғы 6 қыркүйек күні сағат 16.29-да Ақжайық полиция бөлімінің ауласында взвод командирі Рүстем Рақышевті жеті рет атып, өлтірген. Ол қызмет бабында өзінің тарапына айтылған сын-ескертпелерді көтере алмай, ашу-ыза жинала берген.

Сот үкімі күшіне енген жоқ.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да полиция қызметкерінің взвод командирін атып өлтіргенін жазған болатынбыз.  


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир