Петропавлда 5 адам өрттен құтқарылды

25.03.2024 18:28

Өртті сөндіруге 26 қызметкер мен 6 бірлік ТЖД техникасы жұмылдырылды

пресс-служба МЧС РК

СҚО Петропавл қаласында барак үлгісіндегі төрт пәтерлі тұрғын үйде өрт болды. Бес адам өрттен құтқарылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

- Өрт сағат 12:56-да жойылды. Өрттің алдын ала ауданы 60 ш.м. Зардап шеккендер жоқ. ТЖД күшімен 5 адам эвакуацияланды. Медициналық көмек қажет емес, - делінген хабарламада.

Өртті сөндіруге 26 қызметкер мен 6 бірлік ТЖД техникасы жұмылдырылды.

Оқи отырыңыз: Астанада 12-қабат деңгейінде тұрған мұнара кранынан өрт шықты