Ұшақ апаты: куәгерлер не дейді

Almaty.tv
Almaty.tv
Қызыл ту тұрғындары да апатты көрген, жарылыс болғанда қатты дыбыс естігендерін айтады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы маңында құлаған АН-26 ұшағының қара жәшігіне қатысты ақпарат әлі шыққан жоқ. Оқиға орнында арнайы құрылған комиссия жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мамандары кеше апатқа қатысты алдын-ала үш түрлі болжам жасаған еді. Олардың алдын ала болжамынша апатты жағдайдың негізгі 3 нұсқасы қарастырылған. Яғни ауа райының қолайсыздығы мен техникалық ақаудың шығуы немесе адами фактор. Бірақ, бұл әзірше болжамдар ғана. Ұшақ құлаған сәтте оны жақын маңдағы куәгерлер түсіріп алған. Тіпті, видеода бірнеше рет жарылғаны айқын көрінеді.

Қызыл ту тұрғындары да апатты көрген, жарылыс болғанда қатты дыбыс естігендерін айтады. Әр ұшып қонған ұшақты байқайтын ауыл адамдары қорқынышты көрініс көргенін айтты.

«Осы аймақта жұмыс істеп жүргенмін. Сағат 5 шамасында әуежай жақтан ұшақ құлаған секілді қатты дауыс естідім. Кейін оны анық көрдім», – деді Талғар ауданының тұрғыны Айдын Сарыжанов.

«Кеше ұшақ құлаған уақытта жұмыста болдым. Қатты дауыс естілгендіктен, сыртқа шықсам, ұшақ құлапты. 5-10 минутта жедел жәрдем келді, артынша полиция қызметкерлері келіп, жолды жапты», – деді Талғар ауданының тұрғыны Әбдірайым  Ысрайылов.

«Ұшақтың құлағанын жұмыстан қайтып келе жатқанда көрдім. Қаза болғандардың жақындарына көңіл айтамын. Қиын жағдай», – деді Талғар ауданының тұрғыны Арон Қаржаубай.

Айта кетейік, кеше 17.25 шамасында Ұлттық Қауіпсіздік комитетіне тиесілі АН-26 әскери ұшағы Қызыл Ту ауылы маңында құлады. Нұр-Сұлтаннан Алматыға ұшып келген әуе көлігі жерге қону кезінде апатқа ұшыраған еді. АН-26 ұшағының ішінде болған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 4 қызметкері опат болып, 2-і ауыр халде ауруханаға жеткізілді.

Новости партнеров