Жаңажылдық отшашудан Павлодар облысының тұрғыны көзін жаралады

01.01.2021 в 19:38

64 жасар ауыл тұрғыны жаңажылдық отшашудан зардап шекті

Оқиға Павлодар ауданының Розовка ауылында орын алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Pavlodarnews.kz сілтеме жасап. 64 жасар ауыл тұрғыны жаңажылдық отшашудан зардап шеккен. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлама түнгі сағат 00:19-да келіп түскенін айтады. 1956 жылғы әйел көз алмасының ауыр контузиясы диагнозымен облыстық аурухананың көз бөлімшесіне жеткізілген.

Зардап шеккен әйелдің қазіргі жағдайы тұрақты. Дәрігерлер көзге зақым келгенімен,  әйелдің көз жанары қалпында екенін айтты.