Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің басшысы Ержан Сәденов мәлімдеді
Нұр-Сұлтанда карантин режимін бұзғаны үшін 30 автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің басшысы Ержан Сәденов мәлімдеді, деп хабарлайды Alamaty.tv.
Оның сөзінше, қалада автокөлік қозғалысы бойынша жұмыс істеп жатқан 26 мобильдік бекет бар. Онда тәртіп сақшылары тәулік бойы қызмет атқаруда.
«Тек кешегі күні 1500-ге жуық жүргізуші және 200-ден астам жаяу жүргіншімен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 30 автокөлік арнайы айыппұл тұрағына қойылды», – деді қалалық Полиция департаментінің бастығы Ержан СӘДЕНОВ.