Танымал опера әншісі Павлодар облысында жол апатына ұшырады
Скриншот истории: instagram.com/maria_mudryak
Жол көктайғақ болғандықтан, көлік екі рет аударылып, жолдың жиегіне ұшып кеткен
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қазақстандық опера әншісі Мария Мудряк отбасымен бірге Павлодарға барар жолда жол апатына түсті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жол көктайғақ болғандықтан, көлік екі рет аударылып, жолдың жиегіне ұшып кеткен. Әншінің айтуынша, өтіп бара жатқан көліктердің бәрі көмектесу үшін тоқтап, қол ұшын берген.
«15 адам құтқаруға тырысты! Мен олардың есімдерін білмеймін , бірақ мұндай қамқор жандар бар кезде әлем өмір сүре бермек! Міне, біздің қазақстандықтар осындай! Барлығыңызға рахмет»,– деп жазды Мудряк инстаграмда.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
27.10.2026 08:11
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
27.10.2026 09:40
Абай алаңында Республика күніне арналған концерт өтті
26.10.2026 11:31