Қостанай облысында 9 жастағы қызды тоқ соғып, ауруханаға түсті

28.08.2023 18:32

Дәрігерлер қыздың жағдайына қатысты ресми хабар берген жоқ

Қостанай облысында жастарға арналған көңілді думанның соңы қайғылы жағдаймен аяқталды. Көбік кешінде 9 жастағы қызды тоқ соғып, ауыр халде ауруханаға түсті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оқыс оқиға 25 тамызда Ұзынкөл ауылында болған. Жапа шеккен бала қазір аудандық ауруханада жатыр. Дәрігерлер қыздың жағдайына қатысты ресми хабар берген жоқ. Полиция дерек бойынша тергеу жүргізіп жатыр.

– Соталды тергеу ҚР ҚК 306-бабы 2-тармағы бойынша жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері басталды. Тиісті сараптама тағайындалды, – деді ПД баспасөз қызметінің бас маманы Бауыржан Қасымхан.

Оқи отырыңыз: Тәжікстанда толассыз жауған жаңбыр салдарынан 13 адам қаза тапты