Бұған - дүкендер 20 күнге жабылады деген жалған ақпарат таратушының сөзі себеп болған
Шымкент қаласының тұрғыны Арыстың орталық базарына барып, осындай видео түсірген. Полицейлер видео авторын бірден анықтады. Қазір ол жасаған ісіне өкінетінін айтып, Қазақстандықтардан кешірім сұрауда, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Тауарға таласып жатыр деп жалған ақпарат бергенім үшін, Арыс қаласынан және ҚР азаматтарынан кешірім сұраймын. Мен өз қателігімді түсініп, басқа да азаматтарға осындай қателікті болдырмауын сұраймын», - деді ол.