Нұр-Сұлтанда екі апта бұрын жоғалып кеткен әйелдің мәйіті табылды

17.04.2020 19:30

Әйелдің денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ, бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүріп жатыр

© Sputnik / Табылды Кадырбеков

Елорда полицейлері із-түссіз жоғалып кеткен 31 жастағы әйелдің денесін тапты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қаланың полиция департаментіне сілтеме жасап.

"15 сәуір кешкі сағат 23.03-те қырқыншы станса ауданында іздеу жұмыстары кезінде бұған дейін жоғалып кеткен Нұр-Сұлтан тұрғынының мәйіті табылды. Денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ", -делінген хабарламада.

Қазір осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр.

Елорда тұрғыны 2 сәуірде күндіз үйінен шығып, сол күйі оралмаған. Әйелдің жоғалып кеткені туралы инстаграмдағы eto_astana_detka паблигінде хабарланған болатын.