60-70 метр қашықтықта орналасқан ғимарат бүлінген
Атырау өңірінде бүгін таңертең тағы бір оқыс оқиға орын алды. Әзірше белгісіз себептермен автоцистерна жарылып, Атабаев көшесіндегі жанармай бекеті отқа оранды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Әлеуметтік желіге жүктелген видеодан қызыл жалынның қалай лапылдағанын байқауға болады. Оқыс оқиға салдарынан сол маңайдан 60-70 метр қашықтықта орналасқан ғимарат бүлінген. Төтенше жағдайлар комитеті таратқан ақпарға сай, жанармай құюшы, жүргізуші мен екі құтқарушыны күйік шалған. Олар ауруханаға жеткізілді. Таңертеңгі сағат 10.00-ге таман өрт толықтай ауыздықталды. Абырой болғанда адам шығыны жоқ.