|
04.02.2021 | 13:35
848

Алматы маңында екі жер сілкінісі тіркелді

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік шығысқа қарай 209 шақырым қашықта Қазақстан аумағында орналасқан

Алматы маңында екі жер сілкінісі тіркелді  Фото: ашық дереккөзден

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 4 ақпанда Алматы уақытымен 12 сағат 39 минут 25 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік шығысқа қарай 209 шақырым қашықта Қазақстан аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 8.3. Магнитудасы – 3,8. Тереңдігі - 10 шақырым. Сезілу туралы (МSК-64 шкаласы бойынша) мәліметтер түскен жоқ. 

Сондай-ақ «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 12 сағат 58 минут 27 секундта тағы бір зілзаланы тіркеді. Оның ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 361 км жерде Қытай аумағында орналасты. Энергетикалық санаты – 9,7. MPV магнитудасы - 4,5. Тереңдігі – 15 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы мәліметтер түспеген.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир