Басқа посттарда қалыпты нормадан тыс көрсеткіш байқалмады
«Қазгидромет» РМК Алматыдағы қойманың өртенуінен соң жоспардан тыс тексеру жүргізді. Аталған аймақта атмосфералық ауа сынамасы алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл тексеруді «Қазгидромет» РМК мен Алматы Экология департаменті ұйымдастырды.
№1 нүктеде (Омаров, 12В/2) алынған сынамада азот диоксиді 1,75 шекті ықтимал концентрат, фенол – 1,0 шекті ықтимал концентрат, ал №2 нүктеде (Паладин көшесі, 56Б) азот диоксиді 2,65 шекті ықтимал концентрат көтерілген.
Шамадан тыс ластану ауада байқалмады. Сонымен қатар, 18 шілдеде 16 мониторинг постындағы мәліметке сенсек, таңғы 07:00-де азот диоксиді 1,4 ШЫК көтерілген.
Басқа посттарда қалыпты нормадан тыс көрсеткіш байқалмады.
Айта кету керек, 18 шілдеде Омаров көшесінде бояу заттары сақталған қойма өртенген болатын.