Алматыда лифт түймелеріне түкірген бұзақы жауапқа тартылды

11.04.2020 в 18:35

Құқық бұзушы өз әрекетіне қатты өкініп, халықтан кешірім сұрады

Алматыда жеделсаты түймелеріне түкірген бұзақы жауапқа тартылды, деп хабарлайды Almaty.tv Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

«Ер адамның дұрыс емес әрекеті «Алатау сити» тұрғын үй кешенінің кіреберістерінің бірінің лифтінде орнатылған бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Ол азаматтың жеке тұлғасы анықталып, полицияға жеткізілді және ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы (ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Істің материалдары шешім шығару үшін сотқа жіберілді», – деді Алатау аудандық Полиция басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ілияс Өмірсеріков.

Құқық бұзушы өзінің әрекетіне қатты өкініп, халықтан кешірім сұрады. 

«Ашулы күйде жедел саты түймелеріне қақырып жібердім. Осыған байланысты бәрінен, соның ішінде тұрғын үй кешенінің тұрғындарынан кешірім сұраймын», – деді А.есімді тұрғын.