Павлодарда түтінге оранған ауруханадан 27 бала эвакуацияланды
© Sputnik / Алексей Мальгавко
Өрт 21 сағат 20 минутта сөндірілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Павлодарда балалар ауруханасы жанындағы құдықта қоқыс өртеніп, ғимараттың іші түтінге оранды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik сайтына сілтеме жасап.
"Қоқыс 19 наурызда кешкі сағат тоғыздар шамасында өртене бастады", - деп хабарлады облыстық Төтенше жағдайлар департаменті. Өрттің жалпы аумағы 12 шаршы метр.
Аурухана ғимаратының бірінші қабаты түтінге толғандықтан науқастарды эвакуациялауға тура келді.
Аурухананың бес қабатты ғимаратынан көрші корпусқа өрт сөндірушілер 28 адамды, оның ішінде 27 баланы эвакуациялады.
Эвакуацияланғандардың барлығы медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Өрт 21 сағат 20 минутта сөндірілді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
30.09.2026 10:15
Шымкентте күйеуінің өліміне күдікті әйел қамауға алынды
29.09.2026 19:39
Алматыда су мен кәріз қызметінің тарифтері өзгереді
29.09.2026 16:36
Абай облысында робот-ит қоғамдық тәртіпті сақтауға кірісті
29.09.2026 08:30