Павлодарда түтінге оранған ауруханадан 27 бала эвакуацияланды

20.03.2022 18:36

Өрт 21 сағат 20 минутта сөндірілді

© Sputnik / Алексей Мальгавко

Павлодарда балалар ауруханасы жанындағы құдықта қоқыс өртеніп, ғимараттың іші түтінге оранды, деп хабарлайды  Almaty.tv тілшісі Sputnik сайтына сілтеме жасап. 

"Қоқыс 19 наурызда кешкі сағат тоғыздар шамасында өртене бастады", - деп хабарлады облыстық Төтенше жағдайлар департаменті. Өрттің жалпы аумағы 12 шаршы метр.

Аурухана ғимаратының бірінші қабаты түтінге толғандықтан науқастарды эвакуациялауға тура келді. 

Аурухананың бес қабатты ғимаратынан көрші корпусқа өрт сөндірушілер 28 адамды, оның ішінде 27 баланы эвакуациялады.

Эвакуацияланғандардың барлығы медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрт 21 сағат 20 минутта сөндірілді.

Теги: жалын