Шуға жеткенде нәресте дүниеге келген
24 қазан күні «Ақтөбе-Алматы-1» бағыты бойынша қатынайтын жолаушылар пойызында жолсеріктер мен жолаушылар толғағы келген әйелді босандырып алды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Ақпарат бойынша, кеше №34/33 «Ақтөбе-Алматы-1» бағыты бойынша жүретін жолаушылар пойызы Шуға жеткенде нәресте дүниеге келген. 5 вагонда келе жатқан Алтынай Темір жол үстінде толғатып, жолсеріктер мен пойыздағы сапар шегіп бара жатқан жолаушы дәрігерлердің көмегімен аман есен босанған. Отар стансасына келгенде оларды жедел жәрдем көлігі тосып алып, жақын маңайдағы ауруханаға жеткізген.
«Компания өз атынан қол ұшын созған жолаушылар - дәрігер Евгений Колопилов пен акушер Бейбіткүл Құмғанбаеваға және де вагон жолсерігі Руслан Байекешов пен пойыз басшысы Сағынай Жүсіпке алғысын білдіреді», – делінген хабарламада.