Кінәлі тұлғалар қылмыстық жауапкершілікке тартылады
Медеу ауданындағы «Қимасар шатқалы» баурайында болған өрт ауыздықталды. Бұл туралы Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
9 тамызда таңғы сағат 5:49-да Медеу ауданындағы «Қимасар шатқалы» баурайында құрғақ шөп жанғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға болған жерге ТЖД табиғи өртті жою бойынша бірлескен арнайы құрамы - 36 адам, 9 бірлік техника, сондай-ақ Іле-Алатау МҰТП қызметкерлері дереу жіберілді.
Тік беткей өрт сөндіру техникасын жұмылдыруға кедергі келтірді, осыған байланысты жоғарыдағы өрт ошағына өрт сөндірушілер жаяу көтерілді.
500 ш.м. алың өртенгені анықталды.
Өртті сөндіру үшін Ермак аспалы өрт сөндіргіштері, шанцты құралдар (шартылдақтар, күректер) қолданылды. Тұтану орнында жер жыртылып, қабылданған шаралардың нәтижесінде өрт 07:39-да ауыздықталды.
Алматы қалалық ТЖД таулы-орманды жерлерде өрт қаупінің жоғары болуына байланысты қала тұрғындары мен қонақтарға ашық отты пайдаланудан, от жағудан, темекі шегуден және құрғақ шөп пен орылған шөпті жағудан бас тартуды сұрады.
ҚР Әкімшілік кодексі 367-бабының 3-бөлігіне сәйкес ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін жеке тұлғалар 100 АЕК - 291 мың 700 теңге мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тыртылады. Кінәлі тұлғалар қылмыстық жауапкершілікке тартылады.