Алматы аймақтық гарнизонының әскери полиция бөлімінің басшысы пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Тengrinews.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деп күдіктелген Алматы аймақтық гарнизоны әскери полиция отрядының жедел әрекет ету бөлімінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.
"Ол азаматты Алматы аймақтық гарнизоны әскери полициясына жұмысқа орналастыру және оған әрі қарай жалпы қамқорлық жасау үшін 1 миллион теңге көлемде пара алды деген күдікке ілінді. Күдіктінің өз кінәсін мойындауына және күдікті мен оның қорғаушысының сотқа дейінгі жеделдетілген тергеу туралы өтініш хатына байланысты процессуалдық ұстау қолданылған жоқ", - делінген хабарламада.