Полицейлер қандай да бір мәлімет білетіндерден 102 нөміріне хабарласуды сұрайды
Ақмола облысында бизнесмен іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
25 мамырда әйел адам полицияға 37 жастағы күйеуі Руслан Имандиновтің жоғалғаны туралы хабарлаған. Ол сол күні үйден Toyota Estima Lucida көлігімен жұмыстарымен кеткен дейді.
Жоғалған ер адамның жеке кәсіпкер екені белгілі болды.
«Басты белгілері: бойы – 170-180 сантиметр, таз, дене бітімі тығыршықтай. Сұр түсті қысқа шалбар, қара түсті футболка мен қара түсті кроссовки киген», - делінген облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.
Полицейлер қандай да бір мәлімет білетіндерден 102 нөміріне хабарласуды сұрайды.