Өскеменде ұрланған көлік жол апатына түсті
Фото: ашық дереккөзден
Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Өскемен қаласында ұрланған көлік жол апатына түсті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қалалық ПБ Ертіс полиция бөліміне 36 жастағы тұрғын жүгінген. Өз сөзінде ол «AUDI» автокөлігін еш рұқсатсыз айдап кеткен танысының жол-көлік оқиғасына тап болғанын жеткізді. Осының салдарынан келтірілген шығын мөлшері 2 млн теңгені құрап отыр.
«Жедел-іздестіру шараларын жүргізген тәртіп сақшылары күдіктіні ұстады. 41 жастағы ер адам өз қылмысын мойындап отыр»,– деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 200-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
20.10.2026 18:11
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
20.10.2026 08:10
Семсерлесушілеріміз Мароккодағы әлем Кубогында топ жарды
19.10.2026 08:40
Алматы пряниктен жасалған ертегі үйлер қаласына айналып келеді
20.10.2026 10:40